Developed by JoomVision.com

Такси тізгіншілеріне арналған кездесу ұйымдастырылды

PDFХэвлэхИ-мэйл

02-айдың 25 і күні полиция басқармасының жиын залында такси тізгіншілеріне арналған кездесу ұйымдастырылып өлгий такси куәлігі жайында әнгіме қозғалды. 
Айға жуық дауға уласумен келе жатқан өлгий такси куәлігіне байланысты қозғалған шу әлі бір жақты болмай келеді. Кеше такси тізгіншілеріне тағы жиын құрылды. Бұл жиын құрылуына себепші болған такси тізгіншілері. Себебі аймағымыздағы азаматтық мінбер орталығына ақпан айының 24 күні тізгіншілердің қолы қойылған өтініш білдіру хаты келтірілген. Бұл өтініш хатында аймақ әкімінің орынбасары, және аймақтық кәсіп одақтар федерациясына білдірген өтініштеріміз жауабы шешілмей қалды делінген. Бұл жайында Мейрамбек мырза жеткізді. өлгий қаласында саны бар сапасы жоқ көлік саны артуына байланысты қала реттілігін қадағалау мақсатымен такси жүргіншілеріне арнайы куәлік беріп таки тұрағына тұрғызбақ болған үкімет саясаты. Бұған жеке азаматтардың еш қандай жеке визнес көздеу қатарлы жаман ойы болмағандығын дұрыс түсінуге үндеген Өлгий сұмын әкімі Хабай Өнерханұлы баяндады. Такси деген атты жамылып шығып жатқан қылмыс қайшылық саны елімізде бір шама деңгейге жеткен. Ал аз ғана таксиден түскен ақшасы күнделікті шайлығынан аспайтынын жасырмаған тізгіншілер ай сайын 6000 төг салық төлеуге қарсы екендірін жеткізіп әлек. біріне бірі дес бермей сөйлеге қонақ бермеген тізгіншілер мен төр басынан орын алған өкілдер тағы мәмілеге келе алмай шешімсіз жиын соңы бәтуаға келместен тарқасты. шешімсіз, түйінсіз тарқасқан жиынның жалғасы азаматтық мінбер орталығында жалғасты. Бұл жиында аймағыызда такси істеп нәпақасын тауып жүрген азаматтар келе жатқан 7-айдың 1не дейін өз араларынан компания құрып заңды түрде жұмысын бастайтын болып келісті. Осы уақыт ішнде такси жүргізетін тізгеншілерге қандай да бір қыспақ көрсетілмейді.

 

Design, Development CMS - http://www.joomvision.com

Санал асуулга

Та аймгийнхаа мэдээллийг аль сувгаар илүү авч байна вэ?